Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейліктер Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып алуда

Ресейліктер Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып алуда

Ресей азаматтары Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып ала бастаған. Мысалы, Қостанайдағы дилерлік орталықта көлікке деген сұраныс 10 есеге өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

Мамандар сұраныстың артуын Ресейге салынған санкциялармен байланыстырды. Қазір Ресейге Еуропада және өзге де жетекші зауыттарда құрастырылатын көліктер жіберілмейді.

"Саяси ахуал қиындағанға дейін сұраныс бір қалыпты еді. Негізінен жеке тапсырыспен құрастырылған қымбат көліктер болған. Қазір отандық көліктерді сатып алуға онлайн және офлайн өтініштер келіп түсіп жатыр. Сұраныс 10 есеге өскен. Кейбірі елімізде өндірілген көліктерді толығымен сатып алғысы келеді", – деді дилерлік автоорталық өкілі Евгений Бибер.

Қазақстандық автокөліктер шетелдіктерді бағасымен да қызықтырады екен. Себебі қазір Ресейде көлік бағасы бірден өскен.

"Мысалы, Ресей аумағында жұмыс істейтін қытайлық концерн көліктерін 50 пайызға дейін қымбаттатқан. Жергілікті дилерлер әзірге зауыт-өндірушілерде баға көтерілмегенін айтты. Қазақстанда құрастырылған көліктер құны 5,8 миллион теңгеден басталады", – делінген хабарламада.
17 наурыз 2022 ж. 710 0