Малайзия билігі туристерге шекарасын ашты
Енді вакцина салдырған туристерге Малайзия шекарасы ашық, деп хабарлайды «Хабар 24». Шетелдік саяхатшылар міндетті карантиннен босатылды. Енді келушілер екпенің екі дозасын салдырып, ПТР-тест нәтижесін көрсетсе жеткілікті.
Денсаулық сақтау министрі тиісті ережелер сақталмаған жағдайда қатаң жаза қолданылатынын ескертті. Билік өкілдері екі жылғы пандемидядан кейін туризм саласын қайта жаңғыртуды көздеп отыр.
24.kz