Туристер арасында ең тартымды 10 мұсылман елдері

Мұсылман елдерінің ішіндегі ең қолайлы ел Малайзия болып танылды. Индонезия да ең тартымды елдердің қатарына енді. Сөйтіп, 78 балмен екі ел көштің алдын бермей тұр. Одан кейінгі орындарда Түркия (75 балл), Сауд Аравиясы (72 балл), БАӘ (71 балл), Катар (68 балл), Марокко (67 балл), Бахрейн (66 балл), Оман (66 балл) және Бруней (65 балл) мемлекеттері алды.
2018 жылы да әлем елдерінің арасында алғашқы орындарды Малайзия мен Индонезия алғаны белгілі.