Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Чехияда эпидемияға қарсы талаптар өзгерді

Чехияда эпидемияға қарсы талаптар өзгерді

Елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында 9 сәуірден бастап республика билігі шетелден келген адамдарға эпидемияға қарсы талаптарды алып тастайтыны туралы мәлімдеді, деп жазды «Хабар 24». 

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, сенбі, 9 сәуірден бастап республикаға келушілер үшін қолданылатын барлық эпидемияға қарсы талаптарды алып тастайды, – делінген құжатта. 
Ведомствоның мәліметінше, арнайы формулярды толтыру және шекара органдарына теріс ПТР сынағы, ковидпен ауырғандығы және коронавирусқа қарсы вакцинация туралы анықтама беру қажеттілігі алып тасталады.

baq.kz
10 сәуір 2022 ж. 453 0