Еуроодақ Ресей кемелеріне шектеу қойды
Ресей кемелерін Еуроодақ елдерінің кемежайлары қабылдамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы есеп бойынша енді 3 мыңға жуық су көлігі санкцияға ұшырайды. Бірақ Еуроодаққа мұнай өнімдерін, көмір, металл, дәрі-дәрмек, азық-түлік және ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдайтын кемелерге бұл шектеудің қатысы жоқ. Олар жолын бұрынғысынша жалғастыра береді. Әрі одаққа мүше елдердің кемежайларына тоқтай алады.
baq.kz