Бүлдіршін қыз балабақшаға ішімдік әкеліп, достарымен бөлісіп ішкен
АҚШ-тың Мичиган штатында бүлдіршін қыз оны түскі ас уақытында достарымен бөлісіп ішкен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Бүлдіршіннің тобындағы достарының бірінің анасы айтқандай, оған балабақша қызметкері хабарласып, болған жағдайды айтқан. Үлкендер не болып жатқанын түсіне алмай жатқанда, бала төрт досымен бірге алкогольді сусынды ішіп үлгерген. Коктейльдегі алкоголь мөлшері шамамен 10% болған.
"Мен қызымның жағдайын сұрадым. Ол қыздың жақсы көрінетінін айтты. Кейін оның қанша мөлшерде ішкенін сұрадым, бірақ балабақша қызметкері бұл сұраққа жауап бермеді”,- деді әйел.
Коктейль ішкен қыздың анасы қазір қызының дәрі ішіп жүргенін, оны жақын күндері балабақшаға жібермейтінін айтқан. Сол күні директор балалардың бұл теріс қылығына байланысты тәрбиешілердің біріне тәртіптік жаза қолданылатынын хабарлады.