"Кішкентай қыздың жеңісі": Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің ата-анасы қуанышты бейнежазбамен бөлісті

Ауруды жеңген Алима Көпей алғашқы бала болып жазылу қоңырауын соқты. Қазір оның жағдайы жақсарып, онкомаркері қалыпты нормаға түскен. Қазір қыздың денсаулығы ойдағыдай.
"Бүгін ғажап күн. Мен өмірді жақсы көремін. Сен ғажапсың. Соңғы химиядан соң, өзіміз жатқан бөлімшедегі қоңырауды сылдырлаттық. Онкомаркеріміздің деңгейі қалыпты жағдайға келді. Алима қоңырау соққан алғашқы бала болды", - дейді бүлдіршіннің ата-анасы.