Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең үздік сурет: Кішкентай қыздың қолынан гүл алған жігіттің есімі белгілі болды

Ең үздік сурет: Кішкентай қыздың қолынан гүл алған жігіттің есімі белгілі болды

Әлеуметтік желіде арнайы жасақ жауынгеріне гүл сыйлаған бүлдіршіннің суреті желдей есіп, көптеген қазақстандықтардың жүрегін елжіреткен еді. Қазақстандықтар гүлді алған жігітке де, кішкентай қызға да сүйсініп, суретті ең үздік деп атады. Қыздың анасы Саяжан Досжанова әлеуметтік желідегі парақшасында жігіттің кім екенін жазды

"Үшкін бұрын менің кішкентай тәттім мен мына керемет азамат қазақстандықтардың жүрегін елжіретті. Онымен танысу үшін көптеген қыздар менен аккаунтын беруді сұрады. Біреу тіпті нөмірін сұрады. Өзін Шамиль ретінде таныстырғандар да болды. Осы сүйкімді жігіттің туысқандары менімен байланысқа шығып, барлығын түсіндіруді сұрады. 
Суреттегі күлкісі өте әдемі жігіт Шәміл Хасанов осы бала. Қарапайым жігіт өзінің інісі арқылы менің тәттіме хабарлама жіберді. Қызым екеумізбен кездесуге қарсы емес екенін айтты! Мен бұған өте қуаныштымын.
Мен сіздер сияқты қатты уайымдаған едім. Аллаға шүкір суретке қатысты ешқандай проблемалар болған жоқ! Керісінше оны мақтағаны үшін Ұлттық гвардияның басшылығына рахмет. Баласын осылай тәрбиелеген ата-анасына басымды иемін. Оның туысқандары мен анасы маған жазды. Ұлыңыз/бауырыңыз үшін үлкен рахмет", — деді ол.
Сондай-ақ, бүлдіршіннің анасы Шәміл Хасановқа сол гүлді қыздың қолынан алғаны үшін, жылу сыйлағаны үшін алғыс айтты.
13 маусым 2019 ж. 1 899 0