АҚШ-та қарлы боран 300 мыңнан астам тұтынушыны жарықсыз қалдырды

Британдық BBC телеарнасы 300 мыңға жуық тұтынушының жарықсыз қалғанын, оның 200 мыңы Нью-Йорк штатында екенін мәлімдеді. Оңтүстіктегі Вирджиния штатында қыс мезгіліне тән ауа-райы орнаған. Солтүстік-шығыс штаттар Ұлттық метеорологиялық қызметінен (NWS) ауа райына қатысты ескерту алды. Сулы қардың ағаш бұтақтарын құлату қаупі төнді, NWS жел екпіні 40 мильге (64 км/сағ) дейін жетуі ықтимал екенін ескертті. Нью-Йорк шенеуніктері тұрғындардың жолдан мүмкіндігінше алыс жүруге тырысуы керек екенін айтты.