Ресей Қазақстанға Байқоңырда пайдаланылмайтын мүлікті меншікке береді
Алғашқы болып 90 жылдары жиналып, сол күйі орбитаға жөнелтілмеген Экран-М спутнигі мен оның қосалқы құрылғылары беріледі.
Бұл туралы бұйрық Ресей Федерациясының құқықтық интернет-порталында жарияланды.
«Роскосмос мемлекеттік ғарыш корпорациясының федералдық меншіктегі жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы ұсынысы тәртіпке сай іске асырылсын», – делінген қаулыда.
sputnik.kz