Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда автокөлік экспорты қысқарып, импорт өсті

Өзбекстанда автокөлік экспорты қысқарып, импорт өсті

2022 жыл басынан бері Өзбекстанда автокөлік экспорты қысқарып, импорт өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат өзбекстандық ӨзА сілтеме жасап хабарлайды. Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 68 905 автокөлік шығарылған.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан Әзербайжан, Тәжікстан, Корея және Ливанға 58 автокөлік экспорттады. Өз кезегінде бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 763-ке аз.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанға әлемнің 21 елінен құны 189,3 миллион доллар болатын 8508 автокөлік әкелінген және жеңіл автокөліктердің импорты 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 361-ге немесе 2,7 есеге өсті.
Сондай-ақ Өзбекстанға үш айда 455 электромобиль әкелінді. Өткен жылмен салыстырғанда электромобиль импорты 370 бірлікке немесе 5,4 есеге өскені айтылды.
09 мамыр 2022 ж. 588 0