Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы наурыз айының соңынан бері алғаш рет барреліне 120 доллардан (94,90 фунт стерлингтен) жоғары өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Guardian News басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылардың бағалауынша, баға өсіміне Шанхай мен Бейжіңдегі Covid-19 шектеулерінің жеңілдетілуі ықпал етті, бұл өз кезегінде Қытай тарапынан мұнайға деген сұранысты арттырды.

Бұған қоса, ЕО-ның ресейлік көмірсутектер импортына тыйым салуы да энергия тасымалдаушылар бағасының өсуіне себеп болды. Ұлыбританияда бензиннің орташа бағасы литріне 172,7 пенске дейін, ал дизель отынының орташа бағасы литріне 182,7 пенске дейін көтеріліп, жыл басынан бері орташа есеппен 26%-ға өскен.

Жанармай бағасының тұрақты өсімі жаңа әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру үшін Ұлыбритания үкіметінен үстеме пайдаға қосымша ақы алып отырған мұнай компанияларына пайда әкелуде.
31 мамыр 2022 ж. 697 0