Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилияда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты

Бразилияда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Пернамбуко штатының билігі демалыс күндері су тасқынынан 91 адам қаза тауып, жиырмадан астам адам із-түзсіз жоғалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми мәлімдемеде із-түзсіз жоғалғандар тізімінде жүздеген штат пен федералды құтқарушылар 26 адамды іздестіруде.

Бразилия президенті Джейр Болсонаро дүйсенбіде Пернамбуко штатының астанасы Ресифи мен көршілес Жабоатао-дус-Гарапестің зардап шеккен аудандарының үстінен ұшып өтті. Осыдан кейін тілшілерге берген сұхбатында ол тікұшақтың қонуы топырақтың ылғалдылығынан мүмкін болмағанын айтты.

«Әрине, бәріміз де қынжылдық. Отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз. Біздің басты мақсатымыз - отбасыларды жұбату, сонымен қатар материалдық құралдарды пайдалана отырып, халыққа көмек көрсету», деді мемлекет басшысы.

Сарапшылар климаттың өзгеруі жауын-шашынның күшеюіне ықпал етіп жатқанын айтады.

Штаттың Азаматтық қорғаныс басқармасы су тасқыны қаупінің әлі де жоғары екендігі туралы ескерту жасады.

Гүлдана Елубай
31 мамыр 2022 ж. 618 0