Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Францияда ауа райына байланысты су пайдалану шектеледі

Францияда ауа райына байланысты су пайдалану шектеледі

Францияда аптап ыстық болады деп болжанып жатыр.

Алдағы күндері бесінші республикада сынап бағанасы 40 градустан асуы мүмкін. Салдарынан өңірлерді қуаңшылық жайлап, өзен-көлдердің суы тартылады деген қауіп бар. Осыған байланысты елдің 35 аймағында тіршілік көзін пайдалану шектелген.
Билік шаруаларды да суды үнемдеуге шақырды. Қолайсыз ауа райы Испания, Италия мен Германия халқын да әбігерге салады дейді синоптиктер. Мамандар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

baq.kz
17 маусым 2022 ж. 525 0