Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда жойқын торнадо жүріп өтті

Қытайда жойқын торнадо жүріп өтті

Құйын жағалаудағы елді мекендерді жайпап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Куәгерлердің айтуынша, құйын кенеттен басталған. Желдің екпіні секундына 10 метрден асып кетті. Табиғаттың тосын мінезінен оңүстік провинцияда бірнеше тұрғын үй қирады.

Аймақта электр желілер үзіліп, ағаштар құлап қалған. Көшеде ғимараттардың шатыры ұшып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Қазір құтқарушылар апат салдарын жоюға кірісті. Мамандар шығынды есептеуге кірісті. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

baq.kz
20 маусым 2022 ж. 867 0