Грекияда белгісіз гепатиттен сәби өлімі тіркелді

1 жастағы пациент ұзаққа созылған қызба және әлсіздік симптомдарымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер баладан бауыр жеткіліксіздігі мен ми ісігін анықтады. Алайда мамандардың күш салуына қарамастан сәбиді құтқару мүмкін болмаған.
Белгілі болғандай, Грекияда шығу тегі белгісіз жіті гепатиттің 11 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта барлық пациенттердің жағдайы тұрақты.
Бұған дейін Еурокомиссия Еуропаның 12 елінде шығу тегі анықталмаған жіті гепатит тіркелгенін хабарлаған еді. Лондондағы патша колледжі мен Вашингтон университетінің ғалымдары гепатитті адамзатқа төнген басты қатер деп атады.
baq.kz