Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде тікұшақ құлап, үш адам қаза болды

Ресейде тікұшақ құлап, үш адам қаза болды

Камчатка аралында Robinson тікұшағы құлады, аман қалғандар жоқ, - деп хабарлайды Мassaget.kz Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тікұшақ бортындағылардың барлығы қаза тапқан, ұшқыш пен екі жолаушының денелері оқиға орнынан табылған.

"Жоғалып кеткен тікұшақты сол бағытпен ұшқан өзге тікұшақ 17 шілдеде Семячков шатқалынан Узон вулканынан 13 шақырым жерден көрді. Экипаждың барлығы мерт болған", - деді ТЖМ өкілдері.

Министрлік өкілдері іздеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар 1,5 мың шақырым қашықтықты барлап шықты. Коммерциялық мақсаттағы Robinson тікұшағы сенбіде Мильково ауылынан Узон вулканы арқылы гейзерлер алқабына ұшып бара жатқанда жоғалып кеткен. Тікұшақты жексенбі күні құлаған жерінен, яғни Үлкен Семячков вулкан алқабынан тапты. Тікұшақ алдымен құлап, содан соң өртенген.

massaget.kz/​​​
18 шілде 2022 ж. 827 0