Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстан арқылы жүретін темір жол жобасы басталды

Ауғанстан арқылы жүретін темір жол жобасы басталды

Ауғанстан аумағында «Термиз-Пешовар» темір жол қатынасын орнату жөніндегі Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстанның бірлескен жобасының бағыты мен техникалық-экономикалық негіздерін анықтау бойынша экспедиция жұмыстары басталды.


Dunyo ақпарттық агенттігінің мәліметінше, «Термиз – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» трансауған темір жолы жобасының сметалық құны 5 миллиард долларды құрайды.

Ұзындығы 600 шақырымдық теміржол Орталық Азия елдеріне Пәкістанның ірі теңіз порттарына жол ашады. Жоба толығымен жүзеге асқан соң Пәкістаннан Өзбекстанға жүк тасымалдау 35 күн емес, 3-5 күнге созылады және бір стандартты жүк контейнерін тасымалдау құны үш есеге жуық төмендейді деп күтілуде.

Бұл ретте бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 10 миллион тоннаға жетуі мүмкін.

baq.kz
20 шілде 2022 ж. 538 0