Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Италия Премьер-Министрі отставкаға кетті

Италия Премьер-Министрі отставкаға кетті

21 шілдеде Италия Премьер-Министрі Марио Драги отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Италия Президенті Серджо Маттарелла Премьер-Министр Марио Драгидің отставкасын қабылдады.

Үкімет алдағы міндеттерді орындауды жалғастырады.

Марио Драги өткен аптада отставкаға кетпек болған, алайда президент оның өтінішін қабылдамады.

Драги 2021 жылдың ақпан айынан бастап Италия министрлер кабинетінің басшысы болды. Ол өз үкіметінің басым бағыттарын ретінде COVID-19 пандемиясына қарсы тұруды және дағдарыстан кейін елдің экономикасын қалпына келтіруге арнады. 2021 жылдың соңында Драги өзіне жүктелген міндеттерді орындағанын және Президент болуға дайын екенін айтты. Оның бұл шешімін солшыл Демократиялық партия қолдағанмен Драги сайлауға қатыспады.

2022 жылдың наурыз айында Ұлттық статистика агенттігі Италияда инфляция өсіп келе жатқанын мәлімдеді.
21 шілде 2022 ж. 544 0