Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырғандар саны көбейіп барады

АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырғандар саны көбейіп барады

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары Америка Құрама Штаттары маймыл шешегі вирусының өршуін енді ұстап тұра алмайтынын ескертті. Бұған елде ауру жұқтыру оқиғаларының саны 3 мыңға жуықтағаны себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz News CN-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталықтарының соңғы мәліметтеріне сәйкес, вирус жұқтыру жағдайларының саны жағынан Нью-Йорк штаты көш бастап тұрса (900 адам), содан кейін Калифорния (356) және Флорида (257) тұр.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тағы тестілеудің проблемалық аспектілерін ескере отырып, маймыл шешегі вирусын жұқтыру жағдайларының саны дұрыс есептелмеуі мүмкін. Жұма күні елде балалардың маймыл шешегі вирусына шалдығуының екі жағдайы расталған. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлері олардың вирусты қалай жұқтырғанын тексеруде.

Мичиган университетіндегі жұқпалы аурулар жөніндегі маман Прити Маланидің айтуынша, елдегі денсаулық сақтау саласы көптеген аспектілер, соның ішінде сынақтан тез өткізу және мұқтаж науқастардың ем алуға қол жеткізу жағынан артта қалып отыр.

Ел шенеуніктері тестілеуді кеңейтіп, ондаған мың вакцинаны қолжетімді етті. Алайда шектеулі вакцина сұранысқа сәйкес келмеді. Сарапшылар федералды басқарманы аурудың өршуін ұстап тұру үшін кеңейтілген шаралар қабылдауға үндеді.
26 шілде 2022 ж. 626 0