Коронавирус. Уханьда тағы локдаун жарияланды

Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
11 млн-нан астам тұрғыны бар қала халқы аса қажеттілік болмаса, далаға да шығуына болмайды. Қоғамдық көліктер де тоқтаған. Ал ойын-сауық орталықтары коронавирусты жұқтырған симптомсыз науқастар анықталған соң үш күнге жабылды.
Қытай оқшаулану, қозғалысты шектеу мен жаппай тестілеуден тұратын Covid Zero атты cтратегиясын ұстанып отырғаны белгілі болды.
Сондай-ақ Шэньчжэндегі оңтүстік өндірістік орталығына да баса назар аударылып отыр. Өйткені бұл жерде 150-ден астам адам вирус жұқтырғаны анықталды.
baq.kz