Әлемде ковид жұқтырған адамдар саны 317 млн-нан асты

Әлемде коронавирус тарала бастағаннан бері бұл қауіпті вирустан 5 531 439 адам қайтыс болды. 20 миллионнан астам тұрғыны індет жұқтырған елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. АҚШ коронавиусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болып қала отыр.
Мұнда COVID-19 жұқтырған 64 359 409 және осы аурудан көз жұмған 866 891 адам анықталды.
Үндістан вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. Онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 36 317 927-ге жетті, елде вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 485 035.
COVID-ке шалдыққандар саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 22 718 606 адам вирус жұқтырып, соның ішінде 620 507 адам қайтыс болды.