Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда су тасқынынан 180 адам қаза тапты

Ауғанстанда су тасқынынан 180 адам қаза тапты

«Талибан» қозғалысының өкілдері Ауғанстандағы су тасқынынан 180-нен аса адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Талибан өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, су тасқынынан 182 адам қаза тауып, 250 адам жараланған. 3100-ден астам үй толығымен қирап, мыңдаған мал қырылған.

«Ауғанстан Ислам Әмірлігі су тасқынына жалғыз төтеп бере алмайды, біз әлемнен, халықаралық ұйымдардан және ислам елдерінен көмек сұраймыз», деді ол.

Соңғы апталарда су тасқыны Ауғанстанның орталық және шығыс провинцияларында жаппай қирауға әкеліп, мыңдаған үйлерді шайып, елдің экономикалық және гуманитарлық дағдарысын ушықтырды.
26 тамыз 2022 ж. 703 0