Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты

Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты

Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының баяндамасында осындай деректер келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Баяндамада 28 шілде мен 10 тамыз аралығында 35 мың адам су тасқынынан зардап шеккені және олардың көбі өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны көрсетілген.

Йеменнің 16 провинциясындағы 85 ауданда толассыз жаңбыр жауған. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы елде 20-тамызға дейін жаңбыр жаууы мүмкіндігін хабарлады.
13 тамыз 2022 ж. 715 0