Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей Румыния елшісін елден шығарады

Ресей Румыния елшісін елден шығарады

Румыниялық дипломатты елден шығару туралы шешім Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы мәлімдемеде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыртқы істер министрлігі Румынияның Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілі Константин Ионитаны шақырып, оған тиісті нотаны тапсырғанын хабарлады.

«Бұл ісіміз Бухаресттегі Ресей елшілігінің дипломатын «персона нон грата» деп жариялау туралы румын тарапының негізсіз қабылдаған шешіміне жауап», деді министрлік.

Еске салсақ, 19 тамызда Румыния үкіметі Бухаресттегі Ресей елшілігі қызметкерлерінің бірін елден шығаратынын хабарлаған.
08 қыркүйек 2022 ж. 529 0