Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нидерланд елшілігі Киевтен Львовқа ауыстырылады

Нидерланд елшілігі Киевтен Львовқа ауыстырылады

Нидерланд елінің Сыртқы істер министрі Вопке Хукстра Украинада жүрген отандастарына тез арада аталған елден шығып кету керектігін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ Нидерланд Сыртқы істер министрлігі дипломаттарын Киевтегі елшіліктен Львовқа ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің әлеуметтік желілердегі мәлімдемесінде айтылған.

«Қауіпсіздік мақсатында бүгін Киевтегі елшіліктің қызметін Львовтағы Голландия алаңына уақытша ауыстыру туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.
21 ақпан 2022 ж. 450 0