Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мадагаскарда паром мен жүк кемесі соқтығысты

Мадагаскарда паром мен жүк кемесі соқтығысты

Мадагаскардың солтүстік-шығысында паром мен жүк кемесі соқтығысып, салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Лоза өзенінде тіркелген. Паромда 35 адам болған. Қалған жолаушылардың тағдыры әзірге белгісіз.

Қайғылы оқиғаға паромда жарықтың болмауы себеп болған көрінеді. Жүк кемесінің экипажы паромды байқамай қалған.
14 қыркүйек 2022 ж. 584 0