Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Швеция премьер-министрі отставкаға кетеді

Швеция премьер-министрі отставкаға кетеді

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон 11 қыркүйекте өткен парламенттік сайлаудан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Магдалена Андерссон Швецияда өткен парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оңшылдар парламенттегі 349 орынның 176-сына, ал орталық-солшылдар 173 орынға ие болды.

Ол бүгінгі баспасөз мәслихатында премьер-министр қызметінен кететінін және жаңа үкіметте оппозициядағы социал-демократтарды басқаратынын айтты. Жаңа үкіметті құру кезінде Андерссон уақытша министрлер кабинетін басқарады.

DW басылымының хабарлауынша, оның орнына Ульф Кристерссон келуі мүмкін. Ол қазірдің өзінде жаңа үкіметті құруға кірісетінін мәлімдеп отыр.
15 қыркүйек 2022 ж. 470 0