19 қыркүйек Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Құжатта ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік жалаулары төмен түсірілетіні атап өтілген.
Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды.