Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан президенті 1-2 мамырды аза тұту күндері деп жариялады

Қырғызстан президенті 1-2 мамырды аза тұту күндері деп жариялады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан республикасында 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері жарияланған Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
29-30 сәуір күндері Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шеккен. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да, әскери қызметкерлер де бар. Қарулы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындардың және заңды тұлғалардың мүлігі айтарлықтай зақымдалған.
«Осылайша, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын және қаулы етемін:
- Қырғызстан Республикасында 2021 жылдың 1 және 2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері етіп жариялансын;
- Ұлттық аза тұту күндері елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелерде Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік тулары түсірілсін;
- Мәдениет мекемелері және телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күндері ойын-сауық шаралар мен бағдарламаларды таратпау ұсынылсын;
- Қырғыз Республикасының үкіметіне жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қолданылсын», – деді Қырғызстан президенті.
Қырғызстан елінің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, қарулы қақтығыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 154 адам зардап шеккен.
01 мамыр 2021 ж. 523 0