Канада Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялайды

«Біз Ирандағы жеке және заңды тұлғаларға санкциялар саламыз. Бұл Иранға қарсы қазірдің өзінде қолданылып жүрген шараларға қосымша ретінде жасалады», деді Трюдо.
Канада премьер-министрі Иранның адам құқықтарын үнемі бұзатынын, соның ішінде наразылық шерулерін басуға тырысатынын атап өтті.
«Мен Иранда наразылық білдірген халыққа қолдау білдіретінімізді жеткізгім келеді», деді Канада үкіметінің басшысы.