Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Австрия президенті Ван дер Беллен екінші мерзімге қайта сайланды

Австрия президенті Ван дер Беллен екінші мерзімге қайта сайланды

Австрияның президенті Александр Ван дер Беллен президенттік сайлауда үлкен айырмашылықпен жеңіске жетіп, қайта сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ORF сайтына сілтеме жасап.

Австриядағы президенттік сайлау 9 қазанда өтті. Алдын ала нәтижелер бойынша австриялықтардың көпшілігі қазіргі президентке дауыс берген. Александр Ван дер Белленнің алты қарсыласы одан артта қалды.

Ішкі істер министрлігі жариялаған ресми нәтижелерге сәйкес, ол 54,6% абсолютті жеңіске жетті. Екінші орында 19,1% жинаған оңшыл Бостандық партиясының кандидаты Вальтер Розенкранц.

Бірінші турда жеңіске жету үшін Австрия Президентіне үміткерге 50 пайыздан астам дауыс жинау қажет болды. Осылайша, Ван дер Беллен екінші мәрте алты жылдық мерзімге қайта сайланды.

Сайлауға қатысым 65,9% құрады.

Ван дер Беллен 2017 жылдың қаңтарынан бастап Австрия президенті қызметін атқарды.
10 қазан 2022 ж. 351 0