Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі жағдай тез өзгеруде – Қасым-Жомарт Тоқаев

Әлемдегі жағдай тез өзгеруде – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері аясында ұжымдық пікір алмасу өтіп жатыр. Сонымен қатар әлемдегі жағдай тез өзгеруде және өзара әрекеттестіктің қолданыстағы тетіктерін жүйелі түрде жетілдіру қажет. Бұған аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері, қақтығыстарды тудыру үшін гибридті және ақпараттық технологияларды пайдалану әдістері себеп болып отыр. Осыған байланысты мен елдеріміздің Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттарына алдын алу шараларының тетігін әзірлеу және құру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсыру керек деп санаймын», деді Мемлекет басшысы.
14 қазан 2022 ж. 506 0