Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда көмір шахтасында жарылыстан 25 адам көз жұмды

Түркияда көмір шахтасында жарылыстан 25 адам көз жұмды

Түркияның солтүстігіндегі Бартын провинциясында көмір шахтасында жарылыс болып, 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті A Haber агенттігінің хабарлауынша, жарылыс 300 метр тереңдікте болған. Бұл кезде жер астында 115 жұмысшы көмір қазумен айналысып жатқан.

Қазіргі таңда 36 кеңші апат аймағынан шығарылған. Тағы 25 жұмысшы қаза тауып, 6 кенші Стамбұлдағы ауруханаға жіберілсе, 5 кенші провинцадағы медицина орталығында ем алуда.

Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жарақат алған 11 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті.

Жергілікті билік 45-тен астам адам жер астында қалып қойғанын хабарлады. Өңірге әртүрлі провинциялардан іздеу-құтқару топтары жіберілді.

Президент Ердоғанның бұйрығымен жарылыс болған жерге Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез келді.
15 қазан 2022 ж. 728 0