Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбританияда алғаш рет азиялық азамат премьер-министр болды

Ұлыбританияда алғаш рет азиялық азамат премьер-министр болды

Ұлыбританияда алғаш рет азиялық азамат премьер-министр болды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

Басылым мәліметінше, Ұлыбританияның үкімет басшысы қызметіне Риши Сунак сайланған. Консерваторлар партиясының көшбасшысы ретінде қатысып бірінші сайлауда жеңілген ол, арада жеті апта өткенде көздеген мақсатына жетіп, Ұлыбритания тарихындағы ең жас, алғашқы азиялық (үндістандық) премьер-министр болды.

Риши Сунак елде осыған дейін отырған премьер-министрлерге қарағанда көбірек құрметке ие. Басылым беттерінде оның ақсүйектерге тән мінез-құлқы, киіну әдебі жиі талқыланады.

Риши Сунак 42 жаста. Оның ата-анасы Шығыс Африкадан Англияға көшіп келген дәрігерлер. 

Ол Үндістанның ең бай адамдарының бірі Нараяна Мертидің қызы Акшата Мертидің күйеуі.

massaget.kz
25 қазан 2022 ж. 545 0