Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбританияда бірнеше шенеунік отставкаға кетті

Ұлыбританияда бірнеше шенеунік отставкаға кетті

Лиз Трасс Ұлыбританияның консервативті партиясының басшысы болып сайланды, 6 қыркүйекте ол елдің премьер-министрі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңадан сайланған Лиз Трасс қызметіне кіріскен сәттен-ақ Ұлыбританияның мәдениет, БАҚ және спорт министрі Надин Доррис және тағы басқа шенеуніктер отставкаға кетті. Бұл жөнінде РИА Новости хабар таратты.

Дорриске өз қызметінде қалуды ұсынған, бірақ ол кеңседен кетуге шешім қабылдағаны атап өтілді.

Сонымен қатар ІІМ қауіпсіздік министрінің орынбасары Стивен Макпартланд пен Ұлыбритания Министрлер кабинеті Хатшылығының қызметкері Найджел Адамс отставкаға кететінін мәлімдеді.

Бұған дейін Ұлыбритания ІІМ басшысы Прити Пател отставкаға кету туралы хат жазған еді.
06 қыркүйек 2022 ж. 564 0