Иракта үкімет құрамы ауысты

Депутаттар 21 ведомствоның басшысын тағайындады.
Естеріңізге салайық, елде бір жылдан астам уақыт бойы жалғасқан саяси дағдарыстан кейін жаңа үкімет бекітілді. Бірнеше ай бойы Ирактың ірі қалалары жаппай наразылық акциялардан көз ашпай келген.
Ашынған халық елдің саяси жүйесін өзгерту керек деген талап қойды. Енді жаңа үкімет экономикада реформа жүргізіп, жемқорлықпен күресті күшейтпек ниетте. Сонымен қатар мерзімнен бұрын парламент сайлауын өткізу жоспарымен бөлісті.