Тарихтағы ең үлкен джекпот: Powerball лотореясының жеңімпазы $2 млрд алуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қарашада америкалық Powerball лотореясының жеңімпазы анықталмағандықтан сыйлық қоры 1,9 млрд долларға дейін өсті. Бұл - лоторея тарихындағы ең үлкен сома, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Жеңімпаз дүйсенбіде анықталуы мүмкін, егер олай болмаса, джекпот қайта өседі.
Үш ай бойы ешкім алты нөмірді болжай алмағандықтан, жүлде ұтысы өсе берді.
Бұған дейін 2016 жылы джекпоттың көлемі бойынша әлемдік рекорд орнаған болатын. Ол кезде 1,59 млрд долларды Powerball үш ойыншысы бөліп алған болатын.
Сенбі күні алты нөмірі де сәйкес келетән билет табылмаса ла, 16 адамда бес нөмір бірдей болған. Олардың әрқайсысы миллион доллардан алды.
Powerball билеттері 2 доллар тұрады және жеңімпазда қазіргі уақытта 929 миллион долларға бағаланған бір реттік (біршама аз) төлемді немесе 29 жыл ішінде аударылатын аннуитеттік (яғни жылдық төлем) толық сомасын алу мүмкіндігі бар.
Жеңімпаздардың барлығы дерлік ақшалай төлем опциясын таңдайды.
1992 жылы құрылған лотереяға АҚШ-тың 50 штатының 45-і, астанасы Вашингтон, сондай-ақ Пуэрто-Рико және Виргин аралдары орналасқан Колумбия округу қатысады.
Джекпотты билетте барлық алты негізгі нөмір сәйкес келген кезде ұтып алуға болады. Егер мұндай билет бірнеше болса, сома олардың иелері арасында тең бөлінеді.
Джекпот соңғы рет 3 тамызда анықталып, жеңімпаз 206,9 млн доллар алған болатын.

inform.kz