Өзбекстанда халық саны 36 миллионнан асты
Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, Өзбекстан Республикасының тұрақты тұрғындарының саны 2022 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша 36 001 301 адамды құрады.
Республикада 18,1 миллион ерлер мен 17,9 миллион әйелдер тұрады. 2022 жылдың қараша айында республикадағы АХАЖ органдарында 83 197 жаңа туған нәресте тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5377-ге артқан.
Ведомство қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасы халық саны бойынша әлемде 41-орында екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Өзбекстан Республикасының Болжау және макроэкономикалық зерттеулер институты туудың жоғары деңгейін ескере отырып, Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 41 миллион адамнан асады деген болжам жасаған болатын.