Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлкендігі мысықтай ғана болатын бұзау туылды

Үлкендігі мысықтай ғана болатын бұзау туылды

АҚШ-та өте кішкентай бұзау туылды. Ол «әлемдегі ең кішкентай сиыр» атанып кетті.

Бұзауға Лил Билл деп ат қойылыпты. Оның салмағы шамамен 4,5 келі болады. Жануардың иелері оның тыныс алғанда қиналатынына алаңдап, оны Миссисипи штаты университетінің жанындағы мал дәрігерлік колледжіне алып барған, деп хабарлайды The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Дәрігерлер бұзауды қарап, ұзақ уақытқа созылатын ем арлықы оған көмектесуге болады деп ұйғарды. Лил Биллдің иелері оған тиісінше күтім көрсете алмайтыны үшін алаңдап, одан бас тартып, мал дәрігерлеріне табыстапты.
Ендігі дәрігерлердің бұзаудың ергежейлі екенін анықтау үшін ДНҚ талдауын жасамақ.
Дәрігер Гретхен Гриссеттің сөзінше, бұзаудың денсаулығы қалыпты және ол өзін кәдімгі бұзау тәрізді ұстайды.
«Ол айналып жүгіріп, өзіне назар аударғанын қалап, сүт сұрап, сүзгілейді», – дейді дәрігер.
Stan.kz
10 желтоқсан 2018 ж. 1 923 0