Аргентинада Месси бейнеленген банкноттар шығарылады

Осылайша, банк ұлттық құраманың 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатындағы жеңісін естелік етпек. Мессидің бейнесі 1000 песоға қолданылады деп жоспарланған. Бұл банкноттың номиналы Мессидің жейдесіндегі нөмірден, яғни 10 санынан басталуымен байланысты. Артқы жағында Аргентина құрамасының жаттықтырушысы Лионель Скалонидің лақап аты Ла Скалонета деген жазу болады.