Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилияда аза тұту күні жарияланды

Бразилияда аза тұту күні жарияланды

Бразилия президенті Болсонаро футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты 29-31 желтоқсан аралығын қаралы күн деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарлық ел үкіметінің сайтында жарияланған.

«Футболшы Пеле Эдсон Арантес ду Насиментоның қайтыс болуына байланысты қайғының белгісі ретінде осы Жарлық жарияланған күннен бастап бүкіл елде үш күндік ресми аза тұту жарияланды», делінген жарлықта.

Үш дүркін әлем чемпионы 29 желтоқсанда 82 жасында қайтыс болды. Пелемен қоштасу рәсімі футболшы өзі ойнаған «Сантос» футбол клубының стадионында өтеді. Футбол аңызы Гиннестің рекордтар кітабына енген тік зиратқа жерленеді.
30 желтоқсан 2022 ж. 793 0