Түркияда мейрамханада жарылыс болып, 7 адам қаза тапты

Мейрамханада 20-дан астам адам болған.
TRT телеарнасының хабарлауынша, жарлыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-да газ баллонын ауыстырып жатқан кезде болған. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр.
Жарылыс болған ауданды полиция қоршауға алып, ол жерге жедел жәрдем мен өрт сөндіруші көліктер ғана жіберіліп жатыр.