Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нигерияның солтүстік-батысында кеме апатқа ұшырап,14 адам мерт болды

Нигерияның солтүстік-батысында кеме апатқа ұшырап,14 адам мерт болды

Нигерияның солтүстік-батысында кеме апатқа ұшырап, кемінде 14 адам мерт болды, 6 адам із-түзсіз кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Нигерияның жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап хабарлаған қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, сейсенбі күні кешкісін 100-ге тарта фермер мінген кеме Кебби штатында аударылып қалған.

Нигерия президенті Мухаммаду Бухари жұма күні қайғылы жағдайға душар болғандардың жақындарына көңіл айтып, жоғалып кеткендерді бірнеше тәулік бойы үздіксіз іздеген құтқарушылардың еңбегін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы құзырлы мекеме өкілдерін кеме қызметін реттеуге жіті назар аударуды тапсырды. Бұл жұмысты ол әсіресе ауылды аймақтарда қатаң бақылауда ұстау қажет екенін айтты.

Нигерияда кемелерге шектен тыс салмақ түсіру және оларды пайдалану талаптарының бұзылуынан қайғылы жағдайлар жиі болып тұрады.
08 қаңтар 2023 ж. 537 0