АҚШ-та ірі жол апатынан 2 адам қаза тапты
АҚШ-тың Айова штатындағы жолдардың бірінде ірі жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.Айова штатындағы жолдардың бірінде 15 көлік бір-біріне соқтығысқан. Жол апатына көктайғақ себеп болған. 
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушылар мемлекеттік ауруханаларға жеткізілді, олардың кейбірінің жағдайы ауыр деп бағаланады. 
Оқиға болған автожол 8 сағатқа жабылды. Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді қырағы болуға шақырды.
		





		
		



