Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда Жаһандық Оңтүстік дауысы саммиті өтеді

Үндістанда Жаһандық Оңтүстік дауысы саммиті өтеді

Үндістан үкіметі жаңа және бірегей бастама аясында 2023 жылдың 12-13 қаңтарында арнайы виртуалды саммит өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл "Жаһандық Оңтүстік дауысы" саммиті "Дауыс бірлігі – мақсат бірлігі" тақырыбы аясында Жаһандық Оңтүстік елдерін ортақ платформада көзқарастары және басымдықтарымен бөлісу үшін біріктіруді көздейді. Саммитке 120-дан астам ел шақырылды.

Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, бастама Васудхайвы Кутумбакам Үнді философиясына (әлем – бір отбасы) негізделген.

Үндістан «Жаһандық Оңтүстік дауысы» саммиті кезіндегі талқылауларда серіктес елдер қосқан құнды үлесті бүкіл әлемде лайықты мойындау үшін жұмыс істеуді көздейді.

Сонымен қатар, Үндістанның G20-ға қазіргі төрағалығы G20-ға мүше емес елдерге G20-дан өз идеяларын бөлісуге керемет мүмкіндік береді.

Бұл Үнді премьер-министрінің Үндістанның G20-ға төрағалығы тек G20 серіктестерімен ғана емес, сонымен бірге дауысы жиі естілмейтін жаһандық Оңтүстіктегі серіктестерімен кеңесу арқылы қалыптасады деген мәлімдемесіне сәйкес келеді, – делінген хабарламада.

Саммит он сессиядан тұрады. Төрт сессия 12 қаңтарда, ал алты сессия 13 қаңтарда өтеді. Әр сессияға 10-20 елдің басшылары мен министрлері қатысады.

Ұлықтау және қорытынды сессиялар мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен өтеді деп күтілуде, жиынға премьер-министр Нарендра Моди төрағалық етеді. Көшбасшылардың бірінші сессиясының тақырыбы – "Жаһандық Оңтүстіктің дауысы – адамға бағытталған даму", ал көшбасшылардың қорытынды сессиясының тақырыбы – "Дауыс бірлігі – мақсат бірлігі".


Сондай-ақ, келесі тақырыптар бойынша 8 сессия өтеді:

"Адамдарға бағытталған дамуды қаржыландыру" тақырыбында Қаржы министрлерінің отырысы;
"Өсу мен экологиялық таза өмір салты арасындағы тепе-теңдік" тақырыбында қоршаған орта министрлерінің отырысы;
"Жаһандық Оңтүстіктің басымдықтары-қолайлы ортаны қамтамасыз ету" тақырыбында Сыртқы істер министрлерінің отырысы;
Энергетика министрлерінің "Энергетикалық қауіпсіздік және даму - өркендеуге жол картасы" тақырыбындағы отырысы;
"Денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелерін құру үшін ынтымақтастық" тақырыбында денсаулық сақтау министрлерінің отырысы;
"Адам ресурстарын дамыту және әлеуетті арттыру" тақырыбында Білім министрлерінің отырысы;
"Жаһандық Оңтүстікте синергияны дамыту - сауда, технология, туризм және ресурстар" тақырыбында сауда министрлерінің отырысы;
"G-20: Үндістан төрағалығына арналған ұсыныстар" тақырыбында Сыртқы істер министрлерінің отырысы.
11 қаңтар 2023 ж. 548 0