Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай әлемдегі алғашқы экологиялық пойызды іске қосты

Қытай әлемдегі алғашқы экологиялық пойызды іске қосты

Қытай «сутегі энергиясы» жүйесі орнатылған әлемдегі алғашқы экологиялық таза пойызды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол былтырғы 28 желтоқсанда Шыңжаңдағы Чэнду CRRC Чанчунь өндірістік базасындағы конвейерден шыққан. Максималды жылдамдығы 160 км/сағ болатын төрт жүрдек пойыз және кіріктірілген сутегі энергетикалық жүйесі бір зарядта 600 км жол жүруге қабілетті.

Пойыз әртүрлі смарт бақылау жүйелерімен, сенсорлармен және көп желілік интеграция үшін диспетчерлік орталықпен жоғары жылдамдықты 5G байланысымен жабдықталған.

Оның басты ерекшелігі – атмосфераға ешқандай зияны жоқ.
12 қаңтар 2023 ж. 548 0