Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің бірқатар елінде аяз күшейді

Әлемнің бірқатар елінде аяз күшейді

Суық ауа райы салдарынан бірнеше елде адамдар қайтыс болған. Ауа райының қолайсыздығы туралы ескертулер айтылып, дабыл қағылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Кореяда күн райы күрт төмендеп, аяз күшейген. Сондай-ақ кейбір аудандарда қатты жел тұрған. Ал елдің кедей аумағында жағдай қиындаған. Себебі көп елді мекен жылумен қамтылмаған.

Ал Оңтүстік Кореяда күн суытатыны туралы ескерту жасалды. Қытайда ең суық ауа температурасы тіркелді. Жапонияда осы аптада соңғы онжылдықтағы суық күндер болған. Ауғанстанда 124 адам үсіктен қайтыс болды.

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
25 қаңтар 2023 ж. 340 0