Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болмақ?

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болмақ?

Синоптиктер алдағы уақытта еліміздің басым бөлігінде күннің суық болатынын болжады.

Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік ауданынан келетін алып антициклон әсерінен Қазақстанда айтарлықтай суық ауа райы сақталды.
Жексенбі күні ауа температурасы қалыпты мөлшерден 3…8°С-қа төмен болды. Солтүстік шығыс облыста 10…15°С-қа төмендеді. Тек оңтүстік пен оңтүстік шығыста қалыпты мөлшерде тұрды. Бірақ антициклонның шығысқа жақындауына байланысты бұл жерде де алдағы тәуліктерде суық болады. Қазақстанны басым бөлігінде алдағы үш тәулікте күн суық болады. Жауын-шашын болмайды. 15 қарашаға қарай ауа температурасы аздап көтеріледі.
Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын болжаған еді.
Stan.kz
12 қараша 2018 ж. 1 086 0