Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді
Түркістан облысында көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа гүлдеген бәйшешекті Сырдария – Түркістан өңірлік табиғи саябағы аумағында көруге болады.
Олар жұмсақ климатқа байланысты Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бірінші болып гүлдейді. Елдің солтүстігінде оларды наурыз айының соңына қарай тамашалауға болады.
Айта кетсек, бәйшешек Қазақстанның Қызыл кітабына енген, оларды ешбір жағдайда жұлып алуға болмайды.